Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    ҚолданыстағыЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының және Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Есік қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 2529,64 гектар Бөлек және Рахат ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қоса отырып, жалпы көлемі 4228,54 гектар шекарасында өзгертілсін.  

    2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облысының әкімі

    М. Султангазиев

    К. Байгоджаев

    Бірлескен Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы «25» ақпандағы № 33-177 шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «25» ақпандағы № 50 қаулысына қосымша

    Есік қаласының схемалық картасы

    Есік қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын

    Бөлек және Рахат ауылдық округтерінің жерлері бір бөлігінің экспликациясы

    № п/п
    Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
    оның ішін­де:
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар)
    ел­ді ме­кен­дер жер­ле­рі (гек­тар)
    өнер­к­әс­iп, көлiк, бай­ла­ныс же­рі, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік, яд­ро­лық қа­уіп­сіз­дік ай­ма­ғы мұқ­та­жы­на ар­нал­ған жер және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ма­ған өзге де жер (гек­тар)
    ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың жер­ле­рі, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар)
    ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    су қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    босал­қы жер­лер (гек­тар)
    1
    Бө­лек ауыл­дық окру­гі
    1700,2783
    -
    1700,2783
    -
    -
    -
    -
    -
    2
    Ра­хат ауыл­дық окру­гі
    829,3617
    -
    829,3617
    -
    -
    -
    -
    -
    3
    Бар­лы­ғы
    2529,64
    -
    2529,64
    -
    -
    -
    -
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.