«Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 2107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің қаулысы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 ақпан 2025 ж.

    «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі №2107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі №2107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4685 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    аталған қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Тараз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

    электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;

    жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 130 (жүз отыз) теңге.».

    2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Тараз қаласының әкімі

    Б. Орынбеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Тараз қалалық

    мәслихатының төрағасы

    _________ К.Олжабай

    «____» ________2025 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.