Талас ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 қаңтар 2025 ж.

    Талас ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің 2023 жылдың 27 желтоқсанғы №347 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидадалын бекіту туралы» 2023 жылдың 14 шілдеден №181 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін жарнаның мөлшерлемесі 0 (нөл) пайызбен бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    К. Садубаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.