Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

    2. «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н.Көшеров

    Түркістан облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 27 ақпандағы

    № «41» қаулысына қосымша

    Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

    1. Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

    2. Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

    3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

    1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

    Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

    V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

    200 000 данаға дейін – 1,3;

    100 000 данаға дейін – 1,15;

    50 000 данаға дейін – 1;

    30 000 данаға дейін – 0,9;

    20 000 данаға дейін – 0,8;

    10 000 данаға дейін – 0,65;

    5 000 данаға дейін – 0,5;

    2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

    Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

    V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

    15 000 данаға дейін – 1,2;

    10 000 данаға дейін – 1,1;

    8 000 данаға дейін – 1;

    5 000 данаға дейін – 0,9;

    3 000 данаға дейін – 0,8;

    1 000 данаға дейін – 0,7.

    4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

    Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

    V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

    Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

    айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

    айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

    айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

    айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

    айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

    5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

    Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

    V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі

    Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

    6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;

    Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

    V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

    Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесіне қосымша

    Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің әрбір түрі үшін базалық бағалар

    Қызметтің атауы
    Өлшем бірлік
    2025 жылға базалық баға (теңге)
    2026 жылға базалық баға (теңге)
    2027 және алдағы жылдарға базалық баға (теңге)
    1
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn)
    шаршы сантиметр
    935
    1 000
    1 070
    2
    Түркістан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn)
    шаршы сантиметр
    350
    374,5
    400
    3
    Түркістан облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn)
    шаршы сантиметр
    245
    262
    280
    4
    Түркістан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bm)
    шаршы сантиметр
    322
    344,5
    368
    5
    Республикалық маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi)
    таңба
    90
    96
    102
    6
    Өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi)
    таңба
    14
    15
    16
    7
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (жаңалық сюжеттерін әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    510 000
    545 700
    583 899
    8
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (ақпараттық-талдамалық бағдарламалар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    65 073
    69 628
    74 501
    9
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (реалити-шоу әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    86 362
    92 407
    98 875
    10
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (ток-шоу әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    50 666
    54 212
    58 006
    11
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (Деректі фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    228 946
    244 972
    262 120
    12
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (жаңалық сюжеттері, ақпараттық-талдамалық бағдарлама, реалити шоу әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    50 000
    53 500
    57 245
    13
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (ток-шоу, телеойын, бейнероликтер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    70 000
    74 900
    80 143
    14
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (деректі фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    70 000
    74 900
    80 143
    15
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының қалалары мен аудандары аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (ақпараттық-талдамалық, жаңалық, танымдық, телевизиялық, ток шоу, бейнеролик, реалити шоу және т.б. бағдарламаларын әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    15 666
    16 762
    17 935
    16
    Жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету (Btv)
    минут
    9 900
    10 593
    11 334
    17
    Түркістан облысының аумағында таратылатын радиоарнада (ақпараттық сипаттағы жаңалықтар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Br)
    секунд
    508
    543,5
    581,5
    18
    Түркістан облысының аумағында таратылатын радиоарнада (аудиороликтерді әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Br)
    секунд
    508
    543,5
    581,5
    Ескертпе: *Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.