Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 21 ақпан 2025 ж.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 47/02 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 47/02 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3572 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұқар жырау ауданының әкімі
Е. Құсайын
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.