Жария сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 ақпан 2025 ж.

    Жария сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 2467,1 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 29 желтоқсанға дейін жария сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 4895,9546 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 26 қаңтарға дейін жария сервитут белгіленсін.

    3. Осы қаулының 3-қосымшасы на сәйкес «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 167,2405 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 12 қаңтарға дейін жария сервитут белгіленсін.

    4. Осы қаулының 4-қосымшасы на сәйкес «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 3192,1800 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 29 желтоқсанға дейін жария сервитут белгіленсін.

    5. «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

    6. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Аманжолов

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 26 ақпандағы

    № 11/01 қаулысына 1- қосымша

    «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    «Шабанбай би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    09-102-031-140
    2365,99
    2
    «Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    09-102-014-225
    101,11

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 26 ақпандағы

    № 11/01 қаулысына 2- қосымша

    «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    «Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    09-102-014-224
    4895,9546

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 26 ақпандағы

    № 11/01 қаулысына 3- қосымша

    «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    «Қусақ ауылдық округі әкімінің
    аппараты» мемлекеттік мекемесі
    09-102-031-148
    167,2405

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 26 ақпандағы

    № 11/01 қаулысына 4- қосымша

    «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    «Қусақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    09-102-031-148
    3192,1800

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.