Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 32/3 «Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2023 жылғы 29 мамырдағы № 32/3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7342 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы
К. Кожин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.