Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 ақпан 2025 ж.
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 54, 55, 56, 57, 58 - жолдармен толықтырылсын:
|
«
|
54
|
Әйтеке би кенті – Қ. Пірімов ауылы – Басықара ауылы
|
|
|
55
|
Әйтеке би кенті – Шәкен ауылы – Шилі ауылы
|
||
|
56
|
Кәукей ауылы – Ажар ауылы
|
||
|
57
|
Әйтеке би кенті – Жанқожа батыр ауылы
|
||
|
58
|
Әйтеке би кенті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ІІ-ғимараты – Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «№165 С. Сейфуллин атындағы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
М. Тлеумбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.