Байғанин ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 ақпан 2025 ж.

    Байғанин ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Байғанин ауданы әкімінің «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    № 214 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «№ 214 сайлау учаскесі

    Миялы ауылы, Жем өзені көшесі, № 19, Миялы ауылдық клубының ғимараты.

    Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Миялы ауылы және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.».

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Байғанин ауданының әкімі

    А. Купенов

    КЕЛІСІЛДІ:

    Байғанин аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.