Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 142 «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 ақпан 2025 ж.

    Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 142 «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қаратөбе ауданы әкiмдiгiнiң «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26424 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының 1- тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қаратөбе ауданының әкімі

    К. Суйеугалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.