2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 ақпан 2025 ж.

    2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы

    «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелді) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі бекітілсін.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Г. Нурмухамбетов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    Солтүстік Қазақстан облысы

    әкімдігінің

    2025 жылғы 21 ақпандағы

    № 42 қаулысына

    қосымша

    2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі

    Суб­си­ди­я­лау түр­ле­рі
    Өл­шем бір­лі­гі
    Суб­си­ди­я­ла­на­тын кө­лем
    Суб­си­дия со­ма­сы, (мың тең­ге)
    1
    Ба­лық өсі­ру ма­те­ри­а­лын са­тып ал­ға­ны үшін шы­ғы­стар­ды өтеу бой­ын­ша суб­си­ди­я­лар:
    1.1
    Ақ­са­ха тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры (дер­нә­сіл­дер)
    да­на
    60 707 000
    15 176,75
    1.2
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры (дер­нә­сіл­дер)
    да­на
    7 050 000
    211,5
    1.3
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры (ша­бақ, 30 грам­ға дей­ін)
    да­на
    30 700
    230,25
    2
    Ба­лық өсі­ру-био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме са­тып ал­ға­ны үшін шы­ғы­стар­ды өтеу бой­ын­ша суб­си­ди­я­лар
    да­на
    3
    67,5
    3
    Азық са­тып ал­ға­ны үшін шы­ғы­стар­ды өтеу бой­ын­ша суб­си­ди­я­лар:
    3.1
    Ақ­сер­ке тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры
    ки­ло­грамм
    6000
    1944
    3.2
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры (отан­дық өн­ді­рі­стің азық­та­ры үшін)
    ки­ло­грамм
    18800
    2368,8
    Жиы­ны
    19 998,8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.