Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы
К. Кожин
Павлодар қалалық
мәслихатының 2025 жылғы
25 ақпандағы № 225/26
шешіміне қосымша
Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
|
Атауы
|
Есептік бірлік
|
Қызметтердің құны (қосылған құн салығын қоса алғанда) теңге
|
|
Жайлы үйлер
|
1 тұрғыннан
айына
|
534
|
|
Жайлы емес үйлер
|
1 тұрғыннан
айына
|
604
|
|
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф
|
1 м3
|
2324
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.