Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қарағанды облысының әкімі
Е. Булекпаев
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 11/01
қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №16/01 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27262 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 53/01 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29176 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 07/01 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-0-6354 болып тіркелген).
4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 78/01 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
5. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 94/03 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.