Көктөбе ауылдық округінің Алмалы ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

    ҚолданыстағыӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Көктөбе ауылдық округінің Алмалы ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2024 жылдың 09 желтоқсанындағы қорытындысы негізінде, Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Көктөбе ауылдық округінің Алмалы ауылындағы «Матросов» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесіне, «Центральная» көшесі «Мұқағали Мақатаев» көшесіне қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Көктөбе ауылдық округінің әкімі

    Б. Саменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.