«Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 745 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы № 223 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 ақпан 2025 ж.

    «Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 745 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы № 223 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 745 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы № 223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    аталған бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    ___________ Н. Нәлібаев

    Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

    ____________ М. Тлеумбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.