Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    ҚолданыстағыЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Бәйтерек ауылының шекарасы (шегі) 1736,5962 гектарға өзгертіліп, Бәйтерек ауылының жаңа шекарасының алаңы 2267,0 гектар болып қосымшаға сәйкес белгіленсін.

    2. Осы бірлескен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімі мен Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәслелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімі және Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

    Т. Байедилов

    Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Ахметов

    Бірлескен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 ақпандағы № VIII-37-170 шешімі мен Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі 2025 жылғы 13 ақпандағы № 71 қаулысына қосымша

    Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының шекарасына енгізілетін жерлердің экспликациясы

    Аудан­дар мен қа­ла­лар­дың ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
     оның ішін­де:
    ел­ді ме­кен­дер­дің (қа­ла­лар­дың, кент­тер­дің және ауыл­дық округ­тер­дің)
    жер­ле­рі
    (гек­тар)
    ауыл ша­ру­а­шы-лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар)
    өнер­к­әс­iп, көлiк, бай­ла­ныс же­рі, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік, яд­ро­лық қа­уіп­сіз­дік ай­ма­ғы мұқ­та­жы­на ар­нал­ған жер және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ма­ған өзге де жер (гек­тар)
    рек­ше қор­ға­ла­тын та­би­ғи
    аумақ­тар, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және
    та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер
    (гек­тар)
    ор­ман қо­ры-ның жер­ле­рі
    (гек­тар)
    су қо­ры-ның жер­ле­рі
    (гек­тар)
    босал­қы жер­лер
    (гек­тар)
    Бар­лы­ғы
    2267,0
    530,4038
    1736,5962
    -
    -
    -
    -
    -
    Схемалық карта

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.