Текелі қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Текелі қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Текелі қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2.  Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Текелі қаласының әкімі

    А. Әділ

    2025 жылғы 14 ақпандағы № 30 Қаулысына қосымша

    Текелі қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

    1. Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» №67 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39263 болып тіркелген);

    2. Текелі қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 маусымдағы «Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47010 болып тіркелген);

    3. Текелі қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы «Текелі қаласындағы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы» № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 51013 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.