«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 ақпан 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 533-1), 533-2), 533-3), 533-4), 533-5), 533-6) 533-7), 533-8) және 533-9) тармақшалармен толықтырылсын:

    «533-1) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады;

    533-2) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

    533-3) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;

    533-4) кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;

    533-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;

    533-6) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

    533-7) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;

    533-8) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;

    533-9) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.