Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 58 «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 ақпан 2025 ж.

    Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 58 «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 58 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н. Көшеров

    Түркістан облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «____» __________

    № қаулысына қосымша

    Түркістан облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «18» наурыздағы

    № 58 қаулысына қосымша

    Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ

    Аудан, қа­ла ата­уы
    ка­ран­т­ин­ді обьек­ті­лер ата­уы
    зи­ян­кестер
    ау­ру­лар
    арам­шө­птер
    оң­тү­стік аме­ри­ка­лық қы­за­нақ күй­е­сі, гек­тар
    қа­уын шы­бы­ны, гек­тар
    же­міс аға­шта­ры­ның бак­те­ри­я­лық күй­і­гі, гек­тар
    қы­за­нақ же­мі­сі­нің қо­ңыр қат­пар­лы ви­ру­сы, гек­тар
    қы­за­нақ­тың дақ­ты со­лу ви­ру­сы, гек­тар
    шы­ғыс же­міс же­мі­рі, гек­тар
    жа­та­ған у ке­кі­ре, гек­тар
    арам­со­яу, гек­тар
    1
    Арыс
     
    1009
     
     
    619
    140
    2
    Кен­тау
    125
    0,31
    0,44
    3
    Бәй­ді­бек
     
     
     
     
    160,4
    4
    4
    Қазығ­ұрт
     
     
     
     
    364,7
    130,7
    5
    Же­ті­сай
     
    221,1
     
     
     
    8,7
    6
    Мақ­та­арал
     
    1699,3
     
    3
     
    17,0
    7
    Ор­даб­а­сы
    6
     
     
     
    493
    36,2
    8
    Оты­рар
     
    452
     
     
    5
    6,3
    9
    Сай­рам
     
     
     
    16,0
    10
    Са­рыа­ғаш
    12,2
     
     
    3
    208,7
    55,4
    11
    Са­у­ран
    1,6
    216
     
     
    125 
    6,4
    12
    Со­зақ
     
     
     
     
    194,5
     
    13
    Ке­лес
    2,6
    36
     
     
    51,5
    88,1
    14
    Тө­ле­би
     
    1
     
    24
    123,7
    195,6
    15
    Түл­кі­бас
     
     
     
     
    122
    13,5
    16
    Шар­да­ра
     
    396
     
     
    1920
    312,3
    Жиы­ны:
    22,4
    4206,4
    1
    5
    3
    24
    4388,8
    1030,6

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.