«Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII «Астана қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1393-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Астана қаласы мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларында:
14 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қала аумағындағы жаңа құрылысты, қоныстану тығыздығын есептеу үшін тұрғын үймен орташа қамтамасыз етуді бір адамға есептегенде 15 шаршы метрден кем емес қолдану.»;
17-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.