«Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 ақпан 2026 ж.

    «Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңың 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі №263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №358 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    Б. Турахметов

    Арал аудандық мәслихатының

    2025 жылғы «11» ақпандағы

    № 345 шешіміне қосымша

    «Арал ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар»

    1. Осы жоспар Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңың 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі №263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

    2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.

    3. Жоспарда мынадай қосымшалар қамтылған:

    1) осы Жоспардың 1- қосымшасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы);

    2) осы Жоспардың 3-қосымшасына  сәйкес ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта);

    «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;

    жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;

    жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;

    жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;

    жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.

    4.  Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде:

    өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;

    жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;

    мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;

    жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер;

    иелерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру деректері базасынан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны туралы деректер;

    ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;

    шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы мәліметтер;

    екпе және аридтік жайылымдарда, орман, суқорларымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер;

    жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары;

    мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

    5. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Арал ауданында 2 кент (Сексеуіл, Жақсықылыш) және 21 ауылдық округ (Аралқұм, Аманөткел, Ақирек, Атанши, Бекбауыл, Беларан, Бөген, Жаңақұрылыс, Жетес би, Жіңішкеқұм, Қамыстыбас, Қарақұм, Қаратерең, Қосаман, Қосжар, Құланды, Мергенсай, Аққұм, Райым, Сазды, Сапақ) бар.

    6. Арал ауданы аумағының жалпы көлемі – 5 521 274 гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер – 1 538 956 гектар.

    7. Жер санаттары бойынша:

    Арал ауданы жайылымдарын жерлердің санаттары бойынша бөлу, мың гектар

    Ауыл
    дық округ­тер­дің ата­уы
    Әкім
    ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті
    лер жік­те­уі­ші­нің ко­ды
    Жерлер санаттары
    Жер
    лер
    жиы
    ны
    Ауыл ша­ру­а­шы
    лы­ғы
    мақ­са­тын
    да­ғы
    Ел­ді ме­кен
    дер­дің
    Өнер­к­ә­сіп,
    кө­лік және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лы
    ғы мақ­са­тын
    да­ғы емес
    Ерекше қор­ға­ла
    тын та­би­ғи аумақ­тар
    дың
    Ор­ман қо­ры­ның
    Су қо­ры
    ның
    Босал
    қы жер­лер
    Арал ауда­ны
    -
    664930
    281167,5
    16058,2
    163148
    1074087
    1878010,5
    1534973
    5612374
    Елді мекеннің жайылымдарын бөлу, мың гектар
    р/с №
    Ауылдық округтің атауы
    Әкімшілік аумақтық объектілер жіктеуішінің коды
    Елді мекеннің атауы
    Жайылымдардың жалпы алаңы, мың гектар
    Жайылымдардың алаңдары мен түрлері
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    1
    Сексеуіл
    433257100
    Сексеуіл
    4701
    433257400
    Көнту
    105
    2
    Жақсықылыш
    433237100
    Жақсықылыш
    3789
    3
    Аралқұм
    433234100
    Аралқұм
    4923
    433234700
    Шөміш
    4103
    433234400
    Мойнақ
    7149
    4
    Аманөткел
    433233100
    Аманөткел
    4126
    433233300
    Аққұлақ
    1740
    433233400
    Ақшатау
    423
    433233700
    Хан
    90
    5
    Ақирек
    433231100
    Ақбай
    1284
    6
    Атанши
    433232100
    Жіңішкеқұм
    7855
    7
    Бекбауыл
    433238100
    Бекбауыл
    3638
    433238700
    Үкілісай
    6211
    433238500
    Құмбазар
    1334
    8
    Беларан
    433244100
    Құланды
    14049
    9
    Бөген
    433235100
    Бөген
    7815
    433235300
    Қарашалаң
    7049
    10
    Жаңақұрылыс
    433236100
    Жаңақұрылыс
    355
    11
    Жетес би
    433242100
    Райым
    3456
    433242500
    Ескіұра
    3664
    12
    Жіңішкеқұм
    433241100
    Тоқабай
    9824
    13
    Қамыстыбас
    433239100
    Қамыстыбас
    5158
    14
    Қарақұм
    433243100
    Абай
    13279
    433243300
    Ерімбетжаға
    6737
    15
    Қаратерең
    433245100
    Қаратерең
    6166
    433245300
    Жаңақоныс
    688
    16
    Қосаман
    433246100
    Қосаман
    6211
    433246200
    Ақеспе
    5809
    17
    Қосжар
    433248100
    Қосжар
    1717
    18
    Құланды
    433247100
    Ақбасты
    17913
    19
    Мергенсай
    433249100
    Жалаңаш
    17808
    433249200
    Тастүбек
    21710
    20
    Аққұм
    433253100
    Шижаға
    21242
    433253300
    Күршек
    6433
    21
    Райым
    433255100
    Қызылжар
    1919
    433255600
    Шөмішкөл
    6071
    22
    Сазды
    433256100
    Сазды
    9573
    23
    Сапақ
    433259100
    Сапақ
    5341
    433259100
    Коктем
    9779
    Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 12.02.2026 № 499 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
    8. Арал ауданы Қызылорда облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан көлемі шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы қоңыржай. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.
    9. Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400 °C, оңтүстігінде 3800 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солтүстіктен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4 – 4,5 м/с.
    10. Ауданда ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге жер асты сулары пайдаланылады.
    11. Ауданда ауыл шаруашылықтың негізгі саласы мал шаруашылығын өсіру болып табылады.
    12. Қазіргі таңда ауданда 36421 бас түйе, 60193 бас мүйізді ірі қара мал, 102263 бас мүйізді ұсақ мал, 56675 бас жылқы бар.
    13. Ауданда 23 мал қорымы және 23 ветеринариялық пункттер жұмыс жасайды.
    Ветеринариялық - санитариялық объектілер туралы мәліметтер:
    Ауыл­дар­дың, ауыл­дық округ­тің ата­уы
    Ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­те­рі
    Мал тоғыту орындары
    Қолдан ұрықтандыру пункттері
    Мал қорымдары
    жоспарланғаны
    салынғаны
    1
    Сексеуіл
    1
    -
    -
    -
    1
    2
    Жақсықылыш
    1
    -
    -
    -
    1
    3
    Аралқұм
    1
    -
    -
    -
    1
    4
    Аманөткел
    1
    -
    -
    -
    1
    5
    Ақирек
    1
    -
    -
    -
    1
    6
    Атанши
    1
    -
    -
    -
    1
    7
    Бекбауыл
    1
    -
    -
    -
    1
    8
    Беларан
    1
    -
    -
    -
    1
    9
    Бөген
    1
    -
    -
    -
    1
    10
    Жаңақұрылыс
    1
    -
    -
    -
    1
    11
    Жетес би
    1
    -
    -
    -
    1
    12
    Жіңішкеқұм
    1
    -
    -
    -
    1
    13
    Қамыстыбас
    1
    -
    -
    -
    1
    14
    Қарақұм
    1
    -
    -
    -
    1
    15
    Қаратерең
    1
    -
    -
    -
    1
    16
    Қосаман
    1
    -
    -
    -
    1
    17
    Қосжар
    1
    -
    -
    -
    1
    18
    Құланды
    1
    -
    -
    -
    1
    19
    Мергенсай
    1
    -
    -
    -
    1
    20
    Аққұм
    1
    -
    -
    -
    1
    21
    Райым
    1
    -
    -
    -
    1
    22
    Сазды
    1
    -
    -
    -
    1
    23
    Сапақ
    1
    -
    -
    -
    1
    Барлығы:
    23
    -
    -
    -
    23
    14. Жайылым өнімділігін анықтау үшін геоботаникалық зерттеулердің деректері қолданылды. Жайылымдардың құрғақ массада орташа өнімділігі 7,0 -8,8 центнер/гектар құрайды. Шабылған шөп пен жасанды шабылған шөптің қосалқы азығы қыстау кезеңінде қолданылады.
    15. Жайылым сыйымдылығын анықтау, жайылым кезеңінде оның өнімділігі туралы деректер негізінде құрылған. Шамамен алғанда, малдар үшін азықтардың келесі нормалары алынды (орта есеппен бір мал үшін): мүйізді ірі қара мал - 4 кг, мүйізді ұсақ мал - 2 кг, жылқы және түйе - 6 кг. Жайылым кезеңінің ұзақтылығы 170-180 күнді құрайды. Бұл тұрғыда, жайылым өнімін, жануарлар үшін азықты бір күнде қажет ету көлемін, жайылым кезеңінің ұзақтылығын біле отырып, жайылымның сыйымдылығын анықтауға болады.
    16. Екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері:
    1) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі, сонымен қатар жайылым айналымының ұзақтығы;
    2)  топырақ климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түрлеріне, сондай – ақ жайылым айналымына тәуелді;
    3) далада – 170-180 күн;
    4) шөлейтте – 160-180 күн;
    5) Мал жаю ұзақтығы: сүтті ірі қара малдар үшін минималды, етті ірі қара малдар, қой, жылқы, түйелер үшін – максималды және қар жамылғысының тереңдігі мен тығыздығына және басқа да факторларға байланысты.
    17. Малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер.
    Арал ауданы бойынша малды айдап өту жолы 150 км құрайды.
    Ескерту: аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:      
    га – гектар;      
    С – Цельсия көрсеткіші;      
    мм – миллиметр;      
    кг – килограмм;      
    км - километр.

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға

    1- қосымша

    Әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы)

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға

    2-қосымша

    Жеке ауладағы ауылшаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар, оның ішінде қоғамдық жайылымдар белгіленген схема (карта)

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға

    3- қосымша

    Ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта)

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға 4 -қосымша

    Ауылшаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, малайдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзгеде объектілері,сондай-ақ мал қорымдары ( биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта)

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға 5 -қосымша

    Жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта)

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға

    6 -қосымша

    Халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта)

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға

    7- қосымша

    Суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы

    Арал ауданы бойынша

    2024-2028 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    8 -қосымша

    Ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

    Арал ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарғаарналған

    жайылымдарды басқару және оларды

    пайдалану жөніндегі жоспарға

    9 -қосымша

    Ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.