Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 ақпан 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Руеспубликасы Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Түркістан мақта агро өнеркәсіптік кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электр желісі және де басқа инженерлік желілер тарту және пайдалану мақсатында қосымша тіркелген сызбаға сәйкес, Отырар ауданыны бойынша алаңы 0,0053 гектар жер учаскесіне 10 (он) жылға 2035 жылдың ақпан айына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ.Жолдыбай

    2025 жылғы 10 ақпандағы

    № 39 қаулыға қосымша

    Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Ауылдық округ атауы
    Кадастр №
    Ауданы
    1.
    «Шәдікер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    19-294-019-157
    0,0013 га
    2.
    Отырар орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі
    19-294-020-001
    0,0040 га

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.