Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 ақпан 2025 ж.

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 08-02-07/74 ұсыныс хатына сәйкес, Маяқұм ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Отырар ауданы, Маяқұм ауыл округі, Ә.Майданов көшесінің аумағында «құтыру» ауруының анықталуына байланысты Ә.Майданов көшесінің бойына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл әкімі

    Р.Ілесбек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.