«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 ақпан 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

    Е. Нысанбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Экология және табиғи

    ресурстар министрі

    2025 жылғы 11 ақпандағы

    № 29 бұйрығына қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Экология, геология және

    табиғи ресурстар министрінің

    2021 жылғы 7 қыркүйектегі

    № 359 бұйрығымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) жүргізу тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда пайдаланылған негізгі түсініктер мен анықтамалар:

    1) ақпараттандыру объектілерін интеграциялау – Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

    2) арнайы органдар – осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мемлекеттік кадастрлары мен мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар;

    3) Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің кіші жүйелері – табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының мәліметтерін қамтитын Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрамында іске асырылған компоненттер;

    4) Кадастрлардың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпымемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының барлық түрін біріктіретін салааралық ақпараттық жүйе.

    3. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректері негізінде ұйымдастырады.

    Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.

    2-тарау. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу тәртібі

    4. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

    1) кадастрлық ақпаратты өңдеу және ұсыну технологиясының бірлігі;

    2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

    3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі;

    4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараттан басқа Кадастрлардың бірыңғай жүйесінде қамтылған ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігі.

    5. Кадастрлардың бірыңғай жүйесі мыналарға арналған:

    1) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты оларды шешу үшін мемлекеттік органдарды, ғылыми орта өкілдерін, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды, мүдделі заңды және жеке тұлғаларды табиғи ресурстардың жай-күйі туралы уақтылы және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

    2) Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын есепке алу, қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану негізінде табиғи ресурстық ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеу тәсілдерін стандарттау;

    3) ақпараттық ресурстарға жедел санкцияланған қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік статистикалық есептілікті және шолу-талдау сипатындағы құжаттарды автоматтандырылған қалыптастыру.

    6. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін географиялық байланысы, ұйымдық-құқықтық нысаны, меншік және шаруашылық жүргізу түрі, топографиялық-геодезиялық материалдар, статистикалық есепке алу деректері көрсетіле отырып, әрбір есептік кадастрлық объектінің жай-күйі туралы цифрлық түрдегі құжаттамалық мәліметтер құрайды.

    7. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету деректердің салыстырмалылығы мен ақпараттық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық және ақпараттық тәсіл негізінде жүзеге асырылады.

    8. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің кіші жүйелерін ақпаратпен толықтыру мен жаңартуды меншік ақпараттық жүйелері бар арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес көрсетілген ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы электрондық түрде жүзеге асырады.

    9. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:

    1) мемлекеттік жер кадастры бойынша – жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

    2) мемлекеттік су кадастры (жерүсті және жерасты су объектілері, су ресурстарын пайдалану) бойынша – қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар – тұтас республика бойынша, ал олардың аумақтық органдары – өзендер бассейндері мен әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

    3) мемлекеттік орман кадастры бойынша – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

    4) жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры бойынша – жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

    5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

    6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

    7) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – тұтас республика бойынша, ал өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады.

    10. Кадастрларды жүргізетін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар құзыреті шегінде жыл сайын, есептілік кезеңінен кейінгі айдың 15-күніне қарай Кадастрлардың бірыңғай жүйесін толықтыруды өтеусіз жүзеге асырады.

    11. Кадастрлардың бірыңғай жүйесіне енгізілген объект туралы деректерде мыналар қамтылуға тиіс:

    1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объектінің паспорты және статистикалық ақпарат;

    2) объектінің кеңістіктіктегі жағдайы туралы картографиялық материал және аумақты кешенді бағалауға қажетті басқа да деректер.

    12. «Жер кадастры» кіші жүйесі «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33322 болып тіркелген) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    13. «Су кадастры» кіші жүйесі мемлекеттік су кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12109 болып тіркелген) Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    14. «Орман кадастры» кіші жүйесі мемлекеттік орман кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    15. «Жер қойнауы кадастры» кіші жүйесі мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    16. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастры» кіші жүйесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    17. «Жануарлар дүниесінің кадастры (аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша)» кіші жүйесі жануарлар дүниесінің кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    18. «Жануарлар дүниесінің кадастры (балық және басқа су жануарлары бойынша)» кіші жүйесі Қазақстан Республикасында балық қоры мен өзге де су жануарларына мемлекеттік кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 245-Ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9655 болып тіркелген) Балықтардың және балық аулау объектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кітаптарын жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    19. «Өсімдіктер дүниесінің кадастры» кіші жүйесі өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 59 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31995 болып тіркелген) Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі және мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

    20. «Картографиялық деректер» кіші жүйесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес картографиялық деректердің базалық көрсеткіштерімен табиғи жағдайларды интеграцияланған картографиялық бағалауды білдіреді.

    21. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін енгізу кезінде «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескеріледі.

    Қазақстан Республикасы

    табиғи ресурстары мемлекеттік

    кадастрларының бірыңғай

    жүйесін жүргізу қағидаларына

    қосымша

    Картографиялық деректердің базалық көрсеткіштері:

    vga
    Өсімдіктер ареалы (полигондар)
    vgl
    Өсімдіктер ареалы (желілер)
    vgp
    Өсімдіктер ареалы (нүктелер)
    clmka
    Өнеркәсіптік, а/ш, а/к объектілер (полигондар)
    clmkl
    Өнеркәсіптік, а/ш, а/к объектілер (желілер)
    clmkp
    Өнеркәсіптік, а/ш, с/к объектілер (нүктелер)
    dneta
    Гидрография және гидроқұрылыстар (полигондар)
    dnetal
    Гидрография және гидроқұрылыстар (желілер, полигондар шекарасы)
    dnetl
    Гидрография және гидроқұрылыстар (желілер)
    dnetp
    Гидрография және гидроқұрылыстар (нүктелер)
    hypsl
    1:1 000 000 масштабтағы халықаралық график
    hypsp
    Биіктік белгілері (нүктелер)
    lcova
    Жер жабындары (полигондар)
    lcovl
    Жер жабындары (желілер)
    lcovp
    Жер жабындары (нүктелер)
    lml
    Энергетикалық инфрақұрылым желілері
    physl
    Құрлық пен акваториялар түбінің рельефі (желілері)
    polta
    Әкімшілік бөлініс (полигондар)
    poltal
    Әкімшілік бөлініс бірліктерінің шекаралары (желілер, полигондар шекарасы)
    pplca
    Елді мекендер, қалалардың орамдары және күрделі конфигурациялы құрылыстар (полигондар)
    pplcp
    Масштабтан тыс белгімен көрсетілген елді мекендер, жеке тұрған құрылыстар (нүктелер)
    rlrdl
    Темір жолдар (желілер)
    roadl
    Автожолдар, қара жолдар, қысқы жолдар, соқпақтар (желілер)
    tsoba
    Елді мекендерден тыс барлық кластағы станциялар
    tsobl
    Көлік құрылыстары (желілері)
    les_glpr
    Мемлекеттік табиғи орман резерваттары, 2004
    les_gpz
    Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2004
    les101
    Қарағай, ағаш тектес арша ареалы, 2004 ж
    les102
    Шырша ареалы, 2004 ж
    les103
    Майқарағай ареалы, 2004 ж
    les104
    Самырсын ареалы, 2004 ж
    les105
    Балқарағай ареалы, 2004 ж
    les106
    Қайың ареалы, 2004 ж
    les107
    Көктерек, терек ареалы, 2004
    les109
    Шаған ареалы, 2004 ж
    les110
    Сексеуіл ареалы, 2004
    les111
    Жеміс ареалы, 2004
    les112
    Өзге балқарағайлар ареалы, 2004
    les113
    Бұталардың ареалы, 2004 ж
    les_hoz
    Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер, 2004
    les_hoz2005
    Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер, 2005
    les_lsc
    Орман селекциялық орталықтары, 2004
    les_shells
    Орман кадастрының басқа объектілері, 2004
    les_gnpp
    Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004
    fish_hoz2005
    Балық кадастры объектілері, 2005
    fish_rvp
    Балық өсіру кәсіпорындары, 2004
    fish_rhp
    Балық шаруашылығы кәсіпорындары, 2004
    fish_baseyn
    Су шаруашылығы бассейндері, 2005
    fish_vz
    Балық жіберу су қоймалары, 2004
    fish_Rpr
    Балық кәсіпшілігі аудандары, 2004
    fish_Rpu
    Балық кәсіпшілігі учаскелері, 2004
    gpp_oopt
    Мемлекеттік табиғи ескерткіштер, 2004
    gpp_oopt2005
    Мемлекеттік табиғи ескерткіштер, 2005
    an_01
    Арқар ареалы, 2004
    an_02
    Бұлан ареалы, 2004
    an_04
    Елік ареалы, 2004
    an_05
    Ақбөкен ареалы, 2004
    zoo_oopt
    Мемлекеттік зоологиялық парктер, 2004
    zoo_oopt2005
    Мемлекеттік зоологиялық парктер, 2005
    an_06
    Сібір тау текесінің ареалы, 2004
    an_07
    Сілеусін ареалы, 2004
    an_08
    Қоңыр аюдың ареалы, 2004
    gbs_oopt2005
    Мемлекеттік ботаникалық бақтар, 2005
    an_10
    Қабан ареалы, 2004 ж
    gnpp_oopt
    Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004
    gnpp_oopt2005
    Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2005
    gpz_oopt
    Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2004
    gpzak_oopt
    Мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2004
    gpzak_oopt2005
    Мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005
    gpr_oopt
    Мемлекеттік табиғи резерваттар, 2004
    gpr_oopt2005
    Мемлекеттік табиғи резерваттар, 2005
    gzz_oopt
    Мемлекеттік қорық аймақтары, 2004
    gzz_oopt2005
    Мемлекеттік қорық аймақтары, 2005
    gpz_oopt2005
    Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2005
    an_11
    Құдыр ареалы, 2004
    an_13
    Қасқыр ареалы, 2004
    an_14
    Қоян ареалы, 2004
    an_15
    Борсық ареалы, 2004
    an_17
    Суыр ареалы, 2004
    an_raionl
    Әкімшілік аудандардың шекаралары, 2004
    an_19
    Ондатр ареалы, 2004
    an_20
    Саңырау құр ареалы, 2004
    an_21
    Құр ареалы, 2004
    an_22
    Қырғауыл ареалы, 2004
    an_raiona
    Әкімдік аудандар, 2004
    an_24
    Қаз ареалы, 2004
    an_25
    Түлкі ареалы, 2004
    an_26
    Үйрек ареалы, 2004
    an_27
    Шағала ареалы, 2005
    an_28
    Кекілік ареалы, 2004
    an_29
    Сарышұнақ ареалы, 2004
    an_30
    Қоқиқаз ареалы, 2004
    an_31
    Аққу ареалы, 2005
    an_32
    Джек құтан ареалы, 2004
    an_33
    Бірқазан ареалы, 2004
    an_34
    Жанат тәрізді ит ареалы, 2005
    an_35
    Шиебөрі ареалы, 2004
    an_36
    Тау арқары ареалы, 2004
    an_37
    Ұлар ареалы, 2004
    an_38
    Сұңқар-ителгі ареалы, 2004
    an_39
    Құлан ареалы, 2005
    an_40
    Ақбөкен ареалы, 2004
    an_41
    Жетiсу бақатiсi, ареалы, 2004
    an_42
    Барыс ареалы, 2004
    an_43
    Боз суыр ареалы, 2004
    an_gnpp
    Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004
    an_gpz
    Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2005
    an_hoz2
    Орманбалықаңаулаукомитетінің аң аулау алқаптары, 2004
    an_hoz4
    Жалпыға пайдаланылатын аң аулау алқаптары 2004
    an_hoz7
    Мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2004
    an_hoz8
    Қалалардың жерлері, 2005
    ohot_hoz2005
    Аң аулау шаруашылығы, 2004
    les
    Орман кадастры, 2004
    animal
    Жануарлар дүниесі кадастры, 2005
    oopt
    ЕҚТА кадастры, 2004
    fish
    Балық кадастры, 2004
    resva
    Қорықтар (полигондар)
    roadp
    Жолдарға қолайлы асулар
    les108
    Емен ареалы, 2004 ж
    klim_zona_oopt
    Табиғи-климаттық аймақтандыру, 2004
    an_03
    Қызыл бұғы (марал) ареалы, 2004
    an_09
    Итбалық ареалы, 2004
    an_12
    Түлкі ареалы, 2004
    an_16
    Құндыз ареалы, 2004
    an_hoz1
    Қаз аңаулаубалықаулауодағы алқаптарының ареалы 2004
    an_hoz3
    Басқа пайдаланушылардың аңшылық алқаптары, 2004
    gppl_oopt2005
    Мемлекеттік орман табиғат ескерткіштері, 2005
    gppg_oopt2005
    Геологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005
    gppgm_oopt2005
    Геоморфологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005
    gppgd_oopt2005
    Гидрогеологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005
    gpzakz_oopt2005
    Зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005
    gpzakk_oopt2005
    Кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005
    gpzakb_oopt2005
    Ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.