«Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     

    1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:

    бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    «Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.