Ақтөбе облысында 2025 жылғы I тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 ақпан 2025 ж.

    Ақтөбе облысында 2025 жылғы I тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысында 2025 жылғы I тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

    2. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік баскармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 11 ақпандағы № 18

    қаулысына қосымша

    Ақтөбе облысында 2025 жылғы I тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    Та­у­ар­лар ата­уы
    Шек­ті мән (тең­ге)
    1
    Бі­рін­ші сорт­ты би­дай ұны, ки­ло­грамм
    223
    2
    Бі­рін­ші сорт­ты ұн­нан жа­сал­ған би­дай на­ны (пі­шін­ді), ки­ло­грамм
    224
    3
    Рож­ки (өл­ше­ніп са­лы­на­тын), ки­ло­грамм
    416
    4
    Та­зар­ты­л­ған кү­ріш (до­ма­лақ дән­ді, өл­ше­ніп са­лы­на­тын), ки­ло­грамм
    504
    5
    Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы (дән, өл­ше­ніп са­лы­на­тын), ки­ло­грамм
    327
    6
    Күн­ба­ғыс майы, литр
    753
    7
    Са­ры май (тұз­дал­ма­ған, май­лы­лы­ғы ке­мін­де 72,5% то­лық­тыр­ғы­штар және өсім­дік май­ла­ры жоқ), ки­ло­грамм
    5136
    8
    Сиыр еті (сүй­ек­ті жа­уы­рын-төс бө­лі­гі), ки­ло­грамм
    3025
    9
    Та­уық еті (сан сүй­ек және ір­ге­лес жұм­сақ еті бар сан жі­лік), ки­ло­грамм
    1821
    10
    Па­стер­лен­ген сүт, май­лы­лы­ғы 2,5%, жұм­сақ қап­та­ма­да, литр
    469
    11
    Ай­ран, май­лы­лы­ғы 2,5%, жұм­сақ қап­та­ма­да, литр
    472
    12
    Сүз­бе: май­лы­лы­ғы 5-9%, ки­ло­грамм
    2080
    13
    Кар­топ, ки­ло­грамм
    285
    14
    Ас­ха­на­лық сә­біз, ки­ло­грамм
    255
    15
    Ба­сты пи­яз, ки­ло­грамм
    241
    16
    Ақ қа­удан­ды қы­рық­қа­бат, ки­ло­грамм
    222
    17
    Ақ қант - құм­ше­кер, ки­ло­грамм
    510
    18
    Та­уық жұ­мырт­қа­сы (I са­нат­ты), 10 да­на
    654
    19
    Ac тұ­зы («Экс­т­ра» - дан бас­қа), ки­ло­грамм
    78

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.