«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қаңтар 2025 ж.

    «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:

    9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1 бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.»;

    3-қосымшада:

    реттік нөмірі 6 - жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    6
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет «Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі өн­ді­ре­тін және (неме­се) өт­кі­зе­тін та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ба­ға­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және ре­фор­ма­лар агент­ті­гі Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бю­ро­сы бас­шы­сы­ның 2024 жы­л­ғы 29 та­мы­зда­ғы № 1 бұй­ры­ғы­на сәй­кес ба­ға­лар бой­ын­ша ақы­лы түр­де көр­се­ті­ле­ді. Тө­лем тә­сі­лі – қол­ма-қол ақ­ша­сыз есеп ай­ы­ры­су. Тө­лем екін­ші дең­гей­лі банк ар­қы­лы тө­лем­ге бе­рі­л­ген шот­қа сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан тө­лем тап­сыр­ма­сын­да тө­лем шо­ты­ның үзін­ді кө­шір­ме­сі­нің нө­мі­рін және кү­нін көр­се­ту та­лап еті­ле­ді.
    ».
    2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

    М. Турлубаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.