Қарқаралы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 ақпан 2025 ж.

    Қарқаралы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3403 болып тіркелген);

    2) Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 3 «Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29669 болып тіркелген).

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қарқаралы ауданының әкімі

    Ә. Арғынов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.