Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс шағын ауданы жерінен жалпы көлемі 0,0015 гектар жер учаскесін № 10 шкафты газ реттеу пунктін орналастыру және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жетібай ауылының әкімі
Т. Кошкинов
Жетібай ауылы әкімінің
« 3 » ақпан 2025 жылғы
№ 7 шешіміне қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
|
Жер санаты және жер пайдаланушылар атауы
|
Барлық жер, га
|
|
|
Елді мекеннің жерлері
|
||
|
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ
|
0,0015
|
|
|
оның ішінде:
|
||
|
1
|
13-197-005-356
|
0,0004
|
|
2
|
Елді мекеннің жері
|
0,0011
|
|
Жоспар шекарасындағы барлық жерлер
|
0,0015
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.