Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/155 «Бейнеу ауылы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қаңтар 2025 ж.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/155 «Бейнеу ауылы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Бейнеу ауылы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/155 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29391 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Бейнеу ауданының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы»;

    1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.»;

    көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге  қосымшаға  сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы

    Ж. Матаев

    Маңғыстау облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 30 қаңтардағы

    № 18/202 шешіміне қосымша

    Маңғыстау облыстық мәслихатының

    2022 жылғы 24 тамыздағы

    № 13/155 шешіміне қосымша

    Бейнеу ауданының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

    Маршрут атауы және (немесе) нөмірі
    Маршрут түрі
    1
    «Бейнеу – Боранқұл – Бейнеу»
    ауданішілік
    2
    «Бейнеу – Ақжігіт – Бейнеу»
    ауданішілік
    3
    «Бейнеу – Тәжен – Бейнеу»
    ауданішілік
    4
    «Бейнеу – Есет –Бейнеу»
    ауданішілік
    5
    «Бейнеу – Сыңғырлау – Бейнеу»
    ауданішілік
    6
    «Бейнеу – Төлеп – Бейнеу»
    ауданішілік
    7
    «Бейнеу – Сарға – Бейнеу»
    ауданішілік
    8
    №1 «Ағния» базары - «Нұрила» дүкені
    ауылдық
    9
    №2 «Ағния» базары - «Азамат» дүкені
    ауылдық
    10
    №3 «Ағния» базары – Бекес Дәрментайұлы атындағы көшесі
    ауылдық
    11
    №4 «Ағния» базары – Әбілхайыр хан атындағы көшесі
    ауылдық
    12
    №5 «Ағния» базары - Қаржаубай Жылқыбаев атындағы көшесі
    ауылдық
    13
    №7 «Ағния» базары – Қалнияз ақын атындағы көшесі
    ауылдық

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.