Самар ауданы мәслихатының «Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-13/VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 ақпан 2025 ж.

    Самар ауданы мәслихатының «Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-13/VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Самар ауданы мәслихатының «Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-13/VIIІ шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Шаймарданова

    Шығыс Қазақстан облысы

    Самар ауданы мәслихатының

    2025 жылғы 10 ақпандағы

    № 19-2/VIII шешіміне

    қосымша

    Шығыс Қазақстан облысы

    Самар ауданы мәслихатының

    2024 жылғы 25 желтоқсандағы

    № 18-13/VIIІ шешіміне

    2 - қосымша

    Самар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Елді мекендер үшін
    сомасы теңгемен
    (ҚҚС есебінсіз)
    Бір тұрғынға айлық тариф (абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері)
    265*
    Бірлікке жылдық тариф (көлемі) 1 м3
    2010
    Заңды тұлғалар үшін
    Заңды тұлғалар мен заңды тұлға болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін жылдық тариф (1 текше метр үшін).
    9799
    * Ескерту: мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:
    100% - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
    50% - бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
    - басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
    - еңбек ардагерлеріне;
    - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға;
    - кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
    - мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
    - «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
    - Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға;
    - мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;
    - толық емес отбасыларға;
    - асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдерге (тұл ер адамдар).
    25% - екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
    - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға;
    - 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;
    - Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға;
    - көп балалы отбасыларға;
    - жасы бойынша зейнеткерлерге;
    - қандастарға;
    - экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға;
    Қоқыс шығарушы ұйым халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санатына жататындығы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұтынушы өтініш берген күннен бастап қайта есептеуді орындайды және жеңілдіктерді қолданады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.