Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 ақпан 2025 ж.

    Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

    «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналар:

    1) II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – Ресей Федерациясы шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 километр (бұдан әрі – км) учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

    2) жүріп өту келесі баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар автомобиль жолы;

    3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – км 17+000, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – км 99+692;

    4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;

    5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – II санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

    автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,75 метр;

    автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны – екі бағытта 1 жолақ;

    6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 82 км 692 метр;

    7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады;

    8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;

    9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы

    М. Калиакпаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    ҚР Көлік министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 7 ақпандағы

    № 39

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылыстарының және басқа автомобиль жолдарымен түйісулерінің тізбесі

    Қиы­лы­стар мен түй­і­су­лер ме­кен­жайы км + м
    Көз­дел­ген қиы­лы­су мен түй­і­су бой­ын­ша ел­ді ме­кен­дер­дің ата­уы
    Мәр­төк ауда­ны
    61+287 км
    Құр­ман­сай кен­ті
    64+100 км
    Ақ­мо­ла­сай кен­ті
    70+900 км
    Мәр­төк кен­ті
    88+200 км
    Воз­не­се­нов­ка кен­ті
    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
    км – километр;
    м – метр.

    Бұйрығына 2 - қосымша

    Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

    II санатты «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға)» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға)» 17 + 000 км – 99 + 692 км учаскесі:

    АЕК:

    р/с№
    Ай­мақ­тар
    16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
    32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
    32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т дей­ін ав­то­по­ез­дар
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т жо­ға­ры 15 т дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 т жо­ға­ры жүк ав­то­мо­биль­дер, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар, ер­шік­ті тарт­қы­штар
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    1
    км 17+000-60+300 (43 км 300 м)
    0,0800
    0,0685
    0,1625
    0,1384
    0,2425
    0,2056
    0,3250
    0,2767
    0,4049
    0,3440
    2
    км 60+300-99+692 (39 км 392 м)
    0,0728
    0,0624
    0,1478
    0,1259
    0,2206
    0,1871
    0,2956
    0,2517
    0,3684
    0,3130
    Бір ба­ғыт та­ғы бар лық марш­рут бой­ын­ша жиы­ны (82 км 692 м)
    0,1527
    0,1309
    0,3103
    0,2642
    0,4630
    0,3927
    0,6206
    0,5285
    0,7733
    0,6570
    1) абоненттік төлем – автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;
    2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:
    бір айға (күнтізбелік 30 күн):
    Кө­лік тү­рі
    16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т жо­ға­ры 15 т дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 т жо­ға­ры жүк ав­то­мо­биль­дер, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
    1
    3
    4
    5
    6
    7
    Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
    1 АЕК
    2 АЕК
    3 АЕК
    4 АЕК
    5 АЕК
    бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
    Кө­лік тү­рі
    16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т жо­ға­ры 15 т дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 т жо­ға­ры жүк ав­то­мо­биль­дер, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
    1
    3
    4
    5
    6
    7
    Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
    12 АЕК
    24 АЕК
    36 АЕК
    48 АЕК
    60 АЕК
    3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
    4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
    5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес  әкімшілік - аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.
    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
    АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
    км - километр;
    м - метр;
    т - тонна.

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

    Р/с №
    Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
    Ақ­тө­бе об­лы­сы
    1
    Құ­ра­лай кен­ті
    Мәр­төк ауда­ны
    2
    Са­ры­жар кен­ті
    3
    Ұшак ала­ны кен­ті
    4
    Қа­ра­тор­ғай кен­ті
    5
    Бұ­лақ кен­ті
    6
    Сар­жан­сай кен­ті
    7
    Кен­са­ха­ра кен­ті
    8
    Құр­ман­сай кен­ті
    9
    Воз­не­се­нов­ка кен­ті
    10
    Жай­сан кен­ті

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.