«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 ақпан 2025 ж.

    «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

    2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

    2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

    3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

    4) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе порталға электрондық түрде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

    Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес сұрау салу қалыптастырады.

    Ақпараттық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде көрсетілетін қызметті алушы өтінішке «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса отырып жүгінеді.»;

    6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

    Мемлекеттік корпорацияда – өтініш берушіден қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы электрондық қолхат, өтініш берушінің өтініші бойынша қолхат қағаз түрінде беріледі;

    көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон беріледі;

    портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

    Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі сұрау салады.

    Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

    7. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші немесе ауылдық округ әкімі түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 8-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Көрсетілетін қызметті беруші учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

    «15. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:

    көрсетілетін қызметті алушыны бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;

    ақпараттық жүйелерді пайдалану;

    көрсетілетін қызметті алушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.

    Көрсетілетін қызметті алушы танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.

    Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, бас тартқан жағдайда – осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.

    Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.

    Көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде береді.

    Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымша ларға сәйкес 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 3 және 4-қосымша лары осы бұйрыққа 6 және 7-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 8, 9 және 10-қосымша ларға сәйкес 5, 6 және 7 қосымша лармен толықтырылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 8-қосымша алып тасталсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    1-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Жергілікті атқарушы

    органның басшысына

    ___________________

    Өтініш

    Азамат________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні: ______ жылғы «___» _______________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________

    Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _________________________________

    Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: ___________

    Берілген күні ____________ жылғы «__» ________________________________

    Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ___________________________________

    ____________________________________________________________ облысы

    __________________________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы

    ____________________________ көшесі (шағын ауданы) _______ үй ___ пәтер

    Банк деректемелері:__________________________________________________

    Банктің атауы _______________________________________________________

    Банк шотының № ____________________________________________________

    Телефон ____________________________________________________________

    Маған ________________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын

    Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

    Р/с №
    Құ­жат­тың ата­уы
    Құ­жат­та­ғы па­рақ­тар­дың са­ны
    Ес­керт­пе
    1
    2
    3
    4
    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
    Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
    Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
    Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.
    20____ жылғы «____» ___________

    ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

    Құжаттарды қабылдаған:

    ___________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

    20____ жылғы «____» ____________

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    2-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-1-қосымша

    Нысан

    Жергілікті атқарушы

    органның басшысына

    ___________________

    «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш

    Азамат ____________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні: _____________________________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі:________________________________________

    Мемлекеттік органдардың растауы:

    «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алынған деректер

    Өтініш беруші туралы мәліметтер:

    Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _____________________________

    Құжат сериясы: _________________________________________________

    Құжат нөмірі: ___________________________________________________

    Кім берген: _____________________________________________________

    Берілген күні: ___________________________________________________

    Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы:

    ______________________ облысы _________________________ қаласы (ауданы)

    ___________________ ауылы _______________________ көшесі (шағын ауданы)

    __________ үй _________ пәтер

    Маған _________________________________________________________

    әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.

    Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

    Р/с №
    Құ­жат­тың
    ата­уы
    Құ­жат­та­ғы па­рақ­тар­дың са­ны
    Ес­керт­пе
    1
    2
    3
    4
    Банктік деректемелер:
    Банк атауы______________________________________________________
    Банктік шоттың № _______________________________________________
    Телефон ________________________________________________________
    Электрондық пошта ______________________________________________
    Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған, сондай-ақ төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
    Екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шот иесі ретінде өзім туралы және банктік шотымның нөмірі туралы мәліметтерді алуына келісім беремін.
    Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің барлық өзгерістері туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
    Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануына жол берілмейтіні туралы хабардармын.
    Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы ____________________________________________________________________
    Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:
    ____ .___. _____ жыл ___сағат __ минут ____секунд

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    3- қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-2-қосымша

    Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу

    Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне «электрондық үкімет» шлюзі арқылы өтініш берушінің, отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мынадай:

    1) ЖТ МДҚ-дан жеке басты куәландыратын;

    2) ЖТ МДҚ-дан тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

    3) әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы;

    4) «ЖМБМК» АЖ-да кадастрлық нөмірі және жылжымайтын мүліктің мекенжайы туралы;

    5) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе «АХАЖ» АЖ-да туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (азаматтық хал актілерінің жазбалары) бойынша;

    6) «АХАЖ» АЖ-да неке қию туралы куәлік бойынша (азаматтық хал актілерінің жазбалары);

    7) «ҰББДҚ» АЖ-да қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;

    8) ЖТ МДҚ-дан 14 жастан асқан қорғаншылықтағы баланың тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;

    9) «ДНЭТ» АЖ-де жеке тұлғаның Д-есебінде тұруы жөніндегі мәліметтерді алу үшін сұрау салу қалыптастырылады.

    Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-сынан және ЕДБ АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

    Ескертпе:

    Аббревиатуралардың толық жазылуы:

    ЖТ МДҚ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры;

    «ЖМБМК» АЖ – «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі;

    АЖ – ақпараттық жүйе;

    «АХАЖ» АЖ – азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі;

    «ҰББДҚ» АЖ – «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесі;

    «ДНЭТ» АЖ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі;

    ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;

    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

    ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    4-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы «Жер­гі­лік­ті өкіл­ді ор­ган­дар­дың ше­шім­де­рі бой­ын­ша мұқ­таж аза­мат­тар­дың же­ке­ле­ген са­нат­та­ры­на әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау»
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның, об­лы­стық ма­ңы­зы бар аудан­дар­дың, қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші;
    2) кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі (бұ­дан әрі – ауыл­дық округ әкі­мі);
    3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы
    4) «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1) құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се ауыл­дық округ әкі­міне неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап, сон­дай-ақ пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні;
    2) құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз және (неме­се) элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) түр­де.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша дәлел­ді жа­у­ап көр­се­ті­л­ген неме­се қа­был­дан­ған ше­шім ту­ра­лы ха­бар­ла­ма ұсы­ны­ла­ды.
    Пор­тал­да әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, сон­дай-ақ әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де неме­се ауыл­дық округ әкі­мін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін.
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се ауыл­дық округ әкі­міне неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
    1) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін қа­жет);
    2) адам­ның (от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің) та­бысы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (адам­ның (от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің) та­бысы­на қа­ра­май та­ғай­ын­да­ла­тын әле­умет­тік кө­мек­ті алу үшін адам­ның (от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің) та­бысы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ұсы­ныл­май­ды);
    3) мұқ­таж­дар са­на­ты­на жат­қы­зу негіз­де­рі­нің бо­лу фак­ті­сін рас­тай­тын тө­мен­де көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың бі­рі:
    дү­лей апат сал­да­ры­нан аза­мат­қа (от­ба­сы­на) не оның мүл­кіне зи­ян ке­лу фак­ті­сін рас­тай­тын құ­жат;
    өрт сал­да­ры­нан аза­мат­қа (от­ба­сы­на) не оның мүл­кіне зи­ян ке­лу фак­ті­сін рас­тай­тын құ­жат;
    әле­умет­тік ма­ңы­зы бар ау­ру­дың бо­лу фак­ті­сін рас­тай­тын құ­жат;
    же­тім­дік, ата-ана қам­қор­лы­ғы­ның бол­мау фак­ті­сін рас­тай­тын құ­жат;
    жа­сы­ның егде тар­туы­на бай­ла­ны­сты өзіне-өзі кү­тім жа­сай ал­мау фак­ті­сін рас­тай­тын құ­жат;
    бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан боса­ты­лу, про­ба­ция қыз­ме­ті­нің есе­бін­де бо­лу фак­ті­сін рас­тай­тын құ­жат.
    Са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін құ­жат­тар төл­нұс­қа­ла­ры және кө­шір­ме­ле­рі ұсы­ны­ла­ды. Са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін құ­жат­тар­дың төл­нұс­қа­сы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қай­та­ры­ла­ды.
    Пор­тал­ға:
    мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін – «Жер­гі­лік­ті өкіл­ді ор­ган­дар­дың ше­шім­де­рі бой­ын­ша мұқ­таж аза­мат­тар­дың же­ке­ле­ген са­нат­та­ры­на әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 1-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес өті­ніш;
    мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ту­ра­лы ақ­па­рат алу үшін – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу.
    Элек­трон­дық өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, тұр­ғы­лық­ты тұ­ра­тын же­рі бой­ын­ша тір­кел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың, мү­ге­дек­тікті рас­тай­тын құ­жат­тың, адам­да әле­умет­тік ма­ңы­зды ау­ру­дың бар-жо­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    Мы­на­дай:
    1) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
    Ме­ре­ке күн­де­рі мен ата­у­лы күн­дер­ге орай әле­умет­тік кө­мек алушы­лар­дың өті­ніш­те­рі та­лап етіл­мей көр­се­ті­ле­ді.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    5-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    2-1-қосымша

    Нысан

    20___ жылғы «___» __________ әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    Азамат ________________________________________________________, (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    өтініш берген күні: 20___ жылғы «___» _____________________________,

    өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 12-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішін қабылдаудан бас тартылды (керегінің астын сызу).

    _________________________________________________________________________ (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    6-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

    20___ жылғы «___» ___________

    _______________________________________________________________________ (елді мекен)

    1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    ____________________________________________________________________________

    2. Тұратын жерінің мекенжайы ____________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері __________________

    _____________________________________________________________________________

    4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) _____ адам, оның ішінде:

    Р/с №
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    Ту­ған кү­ні
    Өті­ніш бе­ру­ші­ге туы­стық қа­ты­на­сы
    Жұ­мыспен қам­ты­луы (жұ­мыс, оқу ор­ны)
    Жұ­мыспен қам­тыл­мау се­бе­бі
    Қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға қа­ты­суы, кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы (қай­та да­яр­лау, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру) неме­се жұ­мыспен қам­ту­дың бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на қа­ты­суы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Өмір­лік қиын жағ­дай
    Еңбекке жарамды барлығы ______________________ адам.
    Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
    Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
    Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)__________________________________________________________.
    5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ___________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар: _________________________
    ____________________________________________________________________
    Отбасының табысы:
    Р/с №
    Та­бысы бар от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің (оның ішін­де өті­ніш бе­ру­ші­нің) те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    Та­быс тү­рі
    Өт­кен тоқ­сан­да­ғы та­быс со­ма­сы (тең­ге)
    Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық (аулад­а­ғы учас­ке, мал мен құс), са­я­жай және жер учас­ке­сі (жер үле­сі) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    тоқ­сан­ға
    ор­та есеп­пен ай­ы­на
    6. Мыналардың бар-жоғы:
    автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс) ______________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ______________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    8. Отбасының өзге табысы (нысаны, сомасы, көзі):
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі _______________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
    ____________________________________________________________________
    Комиссия төрағасы:
    ________________________ _________________________
    Комиссия мүшелері:

    ________________________ _________________________

    ________________________ __________________________

    ________________________ __________________________

    ________________________ __________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Жасалған актімен таныстым: ______________________________________

    Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

    ____________________________________________________________________

    Тексеру жүргізілуден бас тартамын ________________________________

    Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы_ _____________________________________________

    (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

    Күні ___________________

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    7-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы 20__ жылғы ___ ______

    Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұлға (отбасы) _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде тұлғаға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсынудың __________________________________

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________ (қажеттігі, қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды шығарады.

    Комиссия төрағасы: __________________ ______________________

    Комиссия мүшелері:

    __________________ __________________________________________

    __________________ __________________________________________

    __________________ __________________________________________

    __________________ __________________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. «___» ___________ қабылданды______________________________________________

    ____________________________________________________________________ құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    8-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    ___________________________________________________________________ республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің 20__ жылғы____ № ______ әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешімі

    Өтініш беруші___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    ____________________________________________________________________

    Жынысы _____________________

    Туған күні ____________________

    Мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеменің болу фактісін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні _____________________________________ ____________________________________________________________________

    Арнайы комиссияның қорытындысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша):

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін.

    Әлеуметтік көмектің мөлшері: _____________________________________ (жазбаша)

    Жиілігі: _________________________________________________________ (жазбаша)

    2. _____________________________________________________________

    _______________________________________________________________ (бас тарту негізі)

    әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылсын.

    Бөлім басшысы _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Маман _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    9-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    6-қосымша

    Нысан

    20__ жылғы «___»________ _______________________________________ (әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарлама

    Азамат ________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні _____________________________________________________

    20__ жылғы «__» _____ № ___ әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім

    Тағайындалған сома: _____________________________________________

    20 __ жылғы «___» ________ бастап ____________________________ теңге (сомасы жазбаша)

    Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды ______________________________________________________

    _____________________________________________________________________ (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 6 ақпандағы

    № 36 бұйрығына

    10-қосымша

    «Жергілікті өкілді органдардың

    шешімдері бойынша мұқтаж

    азаматтардың жекелеген

    санаттарына әлеуметтік көмек

    тағайындау» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    7-қосымша

    Нысан

    20__ жылғы «___»________ _______________________________________ (әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

    Азамат ___________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні __________________

    20__ жылғы «__» ____ № ___ әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім ________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________ негіз (себептерін көрсету) көрсетуден бас тартылды.

    Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды _______________________________________________________

    ______________________________________________________________________ (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.