Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 ақпан 2025 ж.

    Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

    2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Г. Сыздыкбеков

    Шымкент қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы 3 ақпандағы

    № 348 қаулысына қосымша

    Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
    Өлшем бірлігі тонна, гектар
    Субсидия нормалары, теңге
    1
    Мақсары (майлы дақыл түрінде өсіріп-өндіру)
    тонна
    20 000
    2
    Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс
    гектар
    8 148 120,0
    3
    Фермерлік жылыжайдағы көкөніс
    гектар
    4 858 142,8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.