Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 30 қаңтар 2025 ж.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 376 «Қарағанды облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 317 «Қарағанды облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5161 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Облыстық мәслихат төрағасы
Н. Кобжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.