Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 ақпан 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Шардара ауданы, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан «AGRIQA Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін газ құбырымен қамтамасыз ету үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (К.Нурманов) жүктелсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ильясовқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Карсыбаев

    Шардара ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 03 ақпандағы

    № 30 қаулысына қосымша

    Шардара ауданы, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан «AGRIQA Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін газ құбырымен қамтамасыз ету үшінқауымдық сервитут белгіленетінжеркөлемі

    Жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі
    Қа­уым­дық серви­тут­тың әре­кет ету кө­ле­мі (гек­тар)
    Со­ны­ңі­шін­де
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық мақ­са­тын­да­ғы­жер­лер
    оны­ңі­шін­де
    егі­стік
    Оның ішін­де
    Көп жыл­дық ек­пе­лер
    ша­бын­дық
    жай­ы­лым
    Өзге жер­лер
    Ор­ман қо­ры же­рі
    Су­ар­ма­лы егі­стік
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    1
    Қа­уы­с­бек Тұ­ры­с­бе­ков ауыл­дық окру­гі
    0,0655
    0,0655
    -
    0,0655
    -
    -
    -
    -
    -
    Бар­лы­ғы
    0,0655
    0,0655
    -
    0,0655
    -
    -
    -
    -
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.