Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің құрамдас бөлігін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қаңтар 2025 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің құрамдас бөлігін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 02 тамыздағы № 2, қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Глубокое кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің Советская көшесі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің Шұғыла көшесі болып қайта аталсын.

    2. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Глубокое ауданының Глубокое кентінің әкімі

    Р. Асанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.