Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес бекітілсін.

    2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. Ұлытау облысы әкiмдiгiнің «Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2024 жылғы 16 ақпандағы № 11/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Ұлытау облысының әкімі

    Д. Рыспеков

    Ұлытау облысы әкімдінің

    2025 жылғы «22» қаңтар

    № 07/01 қаулысына қосымша 1

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Елді мекен
    Тәрбиеленушілер саны
    Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың түрлері
    Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    10,5 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    9 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    Жарты күн болатын топтары, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалды даярлық сыныптары
    Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтары
    Ауыл
    1 325
    62 695
    57 572
    27 714
    114 097
    Қала
    7 249
    56 327
    51 911
    24 884
    100 831
    Экологиялық апат аймағындағы өңірлер үшін
    Ауыл
    155
    74 907
    68 428
    32 646
    139 541

    Ұлытау облысы әкімдінің

    2025 жылғы «22» қаңтардағы

    № 07/01 қаулысына 2 қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі
    Тәрбиеленушілер саны
    Айына бір балаға (1-3 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
    Айына бір балаға (3-5 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
    Жезқазған қаласы
    1
    Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)
    3 090
    17 000
    19 000
    2
    Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)
    220
    17 000
    19 000
    Сәтбаев қаласы
    1
    Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)
    3 204
    17 000
    19 000
    2
    Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)
    0
    0
    0
    Қаражал қаласы
    1
    Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)
    520
    13 000
    15 000
    2
    Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)
    215
    13 000
    15 000
    Жаңаарқа ауданы
    1
    Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)
    685
    15 000
    17 000
    2
    Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)
    290
    15 000
    17 000
    Ұлытау ауданы
    1
    Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)
    285
    13 000
    15 000
    2
    Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)
    65
    13 000
    15 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.