Инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қаңтар 2025 ж.

    Инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Инватакси қызметін алушылардың санаттарын келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

    1) тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

    2) психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

    3) тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

    4) психоневрологиялық патологиясы бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Саран қаласының әкімі

    Д. Бұлқайыр

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.