«КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қыркүйек 2024 ж.

    «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 15.04.2024 жылғы №408 қала құрылыстық қорытындысына, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің 18.09.2024 жылғы (жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы) №880 (№KZ96VBG01469122) бұйрығына, топографиялық түсірілімне және ТОБЖ желісінің сызбасына коммуникациялық (Газ, жарық, су, казақтелеком) мекемелердің келісіміне және өтінішіне сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Ленгір қаласы, Ә.Бектайұлы, Төлеби, Оқжетпес, Ақшағала, Теміржол көшелерінің бойында орналасқан жалпы алаңы 0,2965 га (S1-0,1416 га, S2-0,0105, S3-0,0952 га, S4-0,0492га) жер учаскелеріне талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 5 (бес) жыл мерзімге қоғамдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы шешiмнiң орындалу барысын қадағалау қала әкiмi орынбасары Ж.Байзаковқа жүктелсiн.

    3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкiмі

    М.Жұмабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.