Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 23 қаңтар 2025 ж.
«Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 26 шешімінің күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28862 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қызылқоға ауданының әкімі
К. Азмуханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.