Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 тамыздағы №92 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 тамыздағы №92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 15783 болып тіркелген) күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры
Б. Асылов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.