«Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қаңтар 2025 ж.

    «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, БСН 980540000397, ұялы байланыстың базалық станциясының электр беру желісін төсеу және пайдалану үшін Риддер қаласы, Үлбі кенті, Козлушка тауы мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 0,0960 га жер теліміне 3 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

    2. «Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Риддер қаласының әкімі

    Д. Рахметкалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.