Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қаңтар 2025 ж.

    Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:

    қаланың солтүстігінде орналасқан № 1 ауданға Әулиеата ауданы;

    қаланың оңтүстігінде орналасқан № 2 ауданға Жібек жолы ауданы атаулары берілсін.

    2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Е. Қарашөкеев

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    А. Нұралиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.