Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қаңтар 2025 ж.

    Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Транстелеком» акционерлік қоғамына осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 2.2712 га жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Кабылов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Бекет

    Қала әкімдігінің

    №3 «10» қаңтар 2025 ж.

    қаулысына қосымша

    Сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Ата­уы
    Жер уча­се­сі­нің ме­кен­жайы
    Кө­ле­мі га
    Ны­са­на­лы мақ­са­ты
    11
    «Тран­сте­ле­ком» АҚ
    Ак­то­бе қа­ла­сы, Ал­ма­ты ауда­ны, К.Но­кин тұр­ғын мас­си­ві
    1.8818
    тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық ка­бель құ­ры­лы­сын са­лу және пай­да­ла­ну үшін
    22
    «Тран­сте­ле­ком» АҚ
    г.Ак­то­бе, Ал­ма­ты ауда­ны, Есет ба­тыр тұр­ғын мас­си­ві, № 3 ық­шам ауда­ны, № 11 үй
    0.3894
    тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық ка­бель құ­ры­лы­сын са­лу және пай­да­ла­ну үшін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.