Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қаңтар 2025 ж.

    Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. "Jusan Mobile" акционерлік қоғамына осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 4051 шаршы метр жер учаскелеріне, жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Кабылов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Бекет

    Қала әкімдігінің

    № 2 «10» қаңтар 2025 ж.

    қаулысына қосымша

    Сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Ата­уы
    Жер уча­се­сі­нің ме­кен­жайы
    Кө­ле­мі га
    Ны­са­на­лы мақ­са­ты
    11
    «Jusan Mobile» АҚ
    Ак­то­бе қа­ла­сы, Аста­на ауда­ны, Ә. Мол­да­ғұ­ло­ва даң­ғы­лы, № 38
    0,0243
    тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­сі­нің (ТОБЖ) құ­ры­лы­сын са­лу және пай­да­ла­ну үшін
    22
    «Jusan Mobile» АҚ
    г. Ак­то­бе, Ал­ма­ты ауда­ны, К. Но­кин даң­ғы­лы, № 51
    0,0589
    тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­сі­нің (ТОБЖ) құ­ры­лы­сын са­лу және пай­да­ла­ну үшін
    3
    «Jusan Mobile» АҚ
    Ак­то­бе қа­ла­сы, Аста­на ауда­ны, Ма­ре­сьев кө­ше­сі, № 99
    0,0079
    жер асты тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­сі­нің (ТОБЖ) құ­ры­лы­сын са­лу және пай­да­ла­ну үшін
    4
    «Jusan Mobile» АҚ
    Ак­то­бе қа­ла­сы, Ин­ду­стри­ал­дық ай­мақ
    0,3121
    жер асты тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­сі­нің (ТОБЖ) құ­ры­лы­сын са­лу және пай­да­ла­ну үшін
    5
    «Jusan Mobile» АҚ
    Ак­то­бе қа­ла­сы, Аста­на ауда­ны, Өте­ген Се­и­тов кө­ше­сі, № 5
    0,019
    жер ар­сты тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­сі­нің (ТОБЖ) құ­ры­лы­сын са­лу және пай­да­ла­ну үшін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.