Мәслихаттың 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қаңтар 2025 ж.

    Мәслихаттың 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасыдағы 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

    «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихатының төрағасы

    К. Мухамадиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.