Бородулиха аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қарашадағы № 23-2-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30913 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы
С. Урашева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.