Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сайкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 118 «Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28169 тіркелген).
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шардара ауданының әкімі
А. Карсыбаев
Шардара ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 14 қаңтардағы
№ 4 қаулысына қосымша
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
|
№
|
Нақты орналасқан жері
|
Алып жатқан алаңы, шаршы метр
|
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі
|
Қызмет саласы
|
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
|
|
1.
|
Шардара қаласы,
Н.Оңдасынов атындағы көшесі, № 61 үйдің алдында
|
20
|
3 жыл
|
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату
|
«Береке» сауда үйі
|
|
2.
|
Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі № 60 үйдің қарама-қарсы
|
30
|
3 жыл
|
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату
|
«Айсұлтан» кафесі
|
|
3.
|
Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі, № 1 ғимаратқа қарама-қарсы
|
30
|
3 жыл
|
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату
|
«Shadara Holl» тойханасы
|
|
4.
|
Шардара қаласы, Ө.Түгелбаев даңғылы,
№ 4А үйге қарама-қарсы
|
12
|
3 жыл
|
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату
|
«Рысқұл ата» құрылыс материалдар дүкені
1.Шардара қаласы, Н.Оңдасынов атындағы көшесі, № 61 үйдің алдында
|
2.Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі № 60 үйдің қарама-қарсы
3.Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі, № 1 ғимаратқа қарама-қарсы
4.Шардара қаласы, Ө.Түгелбаев даңғылы, № 4А үйге қарама-қарсы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.