«Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2024 ж.

    «Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінде:

    1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрлеріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    __________ Г. Бейсембаев

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    __________А.Альназарова

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    __________ С. Жакупова

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    __________Е. Саденов

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2024 жылғы 31 желтоқсандағы

    № 375,

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2025 жылғы 6 қаңтардағы

    № 1,

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2024 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 510 мен

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 26 желтоқсандағы

    № 1021

    Бұйрыққа қосымша

    Бірлескен бұйрығымен бекітілген

    Әлеуметтік бейімсіздікке

    және әлеуметтік депривацияға

    әкеп соққан қатыгездікпен

    қараудың бар-жоғын бағалау

    критерийлеріне

    1-қосымша

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру

    № р/с
    Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған кри­те­рий­лер­дің тіз­бе­сі
    Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған шек­ті көр­сет­кіш­тер
    1.
    Күш көр­се­ту зор­лық-зомбы­лы­ғы
    2.
    Тән ау­руы­на ұшы­ра­та­тын ұрып-со­ғу неме­се өзге де күш қол­да­ну әре­кет­терiн жа­сау
    3 балл
    3.
    Құқық бұ­зу­шы­мен от­ба­сы-тұр­мыстық қа­рым-қа­ты­на­ста­ғы аза­мат­тар­ға сый­ла­мау­шы­лық көр­се­ті­ліп, бы­ла­пыт сөй­леу, қор­лап ти­ісу, кем­сі­ту, үй затта­ры­на за­қым кел­ті­ру және же­ке тұр­ғын үй неме­се пәтер ше­гін­де жа­сал­ған олар­дың ты­ны­штығ­ын бұ­за­тын бас­қа да әре­кет­тер
    2 балл
    4.
    Ұдайы ұрып-со­ғу неме­се өзге күш қол­да­ну әре­кет­терi жо­лы­мен тән за­рдаб­ын кел­ті­ру неме­се пси­хи­ка­лық за­рдап ше­гу
    5 балл
    5.
    Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi емес және за­рдап­тар­ға әкеп соқ­па­ған, бiрақ ден­са­улық­ты ұзақ уа­қыт­қа бұ­зы­лу­ға әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа қа­са­қа­на ор­та­ша ауыр­лық­та­ғы зи­ян кел­тi­ру
    5 балл
    6.
    Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi неме­се кө­ру­ден, тiл­ден, есту­ден қан­дай да бол­сын ор­ган­нан ай­ры­лу­ға неме­се ор­ган­ның қыз­метiн жо­ғал­ту­ға неме­се бет-әл­пе­тiнiң қал­пы­на кел­тiр­гiсiз бұ­зы­луы­на әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа қа­са­қа­на ауыр зи­ян кел­тi­ру, сон­дай-ақ өмiр­ге қа­уiп­тi неме­се ең­бек қа­бiлетiнiң ке­мiн­де үш­тен бiрiн тұ­рақ­ты түр­де жо­ғал­ту­ға ұш­тас­қан неме­се кiнәлi­ге мәлiм кәс­i­би ең­бек қа­бiлетiн неме­се түсiк та­ста­у­ға, пси­хи­ка­сын бұзуға, есiрт­кi­мен неме­се уыт­ты умен ауы­ру­ға ду­шар ет­кен ден­са­улық­тың бұ­зы­луын ту­дыр­ған ден­са­улық­қа өзге зи­ян кел­тiр­ген қа­са­қа­на ауыр зи­ян кел­тi­ру
    5 балл
    7.
    Пси­хо­ло­ги­я­лық зор­лық-зомбы­лық
    8.
    Дө­ре­кі­лік, қор­қы­ту, қор­лау, қор­қы­ту, бо­пса­лау, қу­да­лау және адам­ның жа­ғым­сыз эмо­ци­о­нал­дық ре­ак­ци­я­сы мен жан ау­руын ту­ды­ра­тын бас­қа әре­кет­тер (әре­кет­сіз­дік)
    3 балл
    9.
    Адам­ды өзiн-өзi өл­тiру­ге жет­кi­зу неме­се жәбiр­ле­ну­шiнi қор­қы­ту, оған қа­тыг­ездiк­пен қа­рау неме­се оның адам­дық қа­си­етiн ұдайы қор­лау жо­лы­мен өзiн-өзi өл­тiру­ге ба­ру­ға дей­iн жет­кi­зу
    5 балл
    10.
    Өл­тiре­мiн деп неме­се ден­са­улық­қа ауыр зи­ян кел­тiре­мiн деп, сол си­яқ­ты адам­ның же­ке ба­сы­на өзге ауыр күш көр­се­те­мін не мүлiк­тi өр­теп құр­та­мын деп, жа­ры­лыс жа­сап неме­се өзге жал­пы қа­уiп­тi тәс­iл­мен қор­қы­ту, бұл қор­қы­ту­дың iс­ке аса­тынды­ғы­на қа­уiп­те­нудiң жет­кiлiк­тi негiз­дерi бар болған кез­де
    5 балл
    11.
    Жал­ға­сып ке­ле жа­тқан қу­да­лау, мәж­бүр­лі кө­ші-қон
    5 балл
    12.
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның кө­зін­ше тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық жа­сау
    3 балл
    13.
    Эко­но­ми­ка­лық зор­лық-зомбы­лық
    14.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын, мен­шік­ке құқық бел­гі­лей­тін, әре­кет­тер жа­са­у­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­тар­дан ай­ы­ру
    3 балл
    15.
    Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті ақ­ша­лай қа­ра­жат­тан ай­ы­ру
    2 балл
    16.
    Тұр­ғын үй­і­нен ай­ы­ру
    5 балл
    17.
    Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті та­мақ­тан ай­ы­ру
    4 балл
    18.
    Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті ки­ім­нен ай­ы­ру
    3 балл
    19.
    Сек­су­ал­дық зор­лық-зомбы­лық
    20.
    Зор­лау, яғ­ни құр­бан­ға неме­се бас­қа адам­дар­ға күш қол­да­нып неме­се оны қол­дан­бақ­шы бо­лып қор­қы­тып не құр­бан­дар дәр­мен­сіз күй­ін пай­да­ла­нып жы­ны­стық қа­ты­нас жа­сау
    5 балл
    21.
    Кө­рі­неу он төрт жас­қа тол­ма­ған адам­ға қа­ты­сты күш қол­да­ну­сыз аз­ғын­дық іс-әре­кет­тер­ді жа­сау
    5 балл
    22.
    Адам­ды жы­ны­стық қа­ты­на­сқа тү­су­ге, ер­кек пен ер­кек­тің, әй­ел мен әй­ел­дің жы­ны­стық қа­ты­нас жа­са­уы­на неме­се сек­су­ал­дық си­патта­ғы өзге де әре­кет­тер жа­са­у­ға мәж­бүр ету
    5 балл
    23.
    Жа­ла­ңа­шта­ну­ға мәж­бүр­леу, де­не­ні си­пап қа­рау, әдеп­сіз неме­се қор­лай­тын қа­рым-қа­ты­нас, сон­дай-ақ жы­ныс мү­ше­ле­ріне соқ­қы бе­ру және олар­ға заттар­мен әсер ету, жы­ны­стық қол сұ­ғу­шы­лық
    5 балл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.